Бронхиальды астма ауру тарихы

Бронхиальды астма ауру тарихы thumbnail

Утратил силу — Архив

Также:
P-T-002

Республиканский центр развития здравоохранения

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)

Версия: Архив — Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Категории МКБ:
Смешанная астма (J45.8)

Анықтамасы

Анықтамасы

Анықтамасы

Бронх демікпесі (БД) – оның негізгі патогенетикалық механизмдері 

қабынулармен шартталған бронхтардың гипербелсенділігі, ал негізгі клиникалық көріністері бронхтарылу салдарынан тұншығу ұстамасы (көбінесе эспираторлық мінездегі), бронх сілемейлі қабатының гиперсекрециясы мен ісінулері болып табылатын, тыныс жолдарының созылмалы ауруы. Тұншығу ұстамалары, сонымен қатар бронх демікпесіне тəн жөтел, кеудедегі «бітелу» сезімі, ысқырмалы шалғайлық сырылдар, көп жағдайда түнгі немесе таңертеңгі уақыттарда пайда болады жəне жартылай немесе толық қайтымды (аяқ астынан немесе ем салдарынан) бронхиалдық обструкциямен бірге жүреді.

Хаттама коды: P-T-002 «Бронхылық демікпе»
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін

АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):

J45     Демікпе

J45.0  Аллергиялық компоненттер басым демікпе

J45.1  Аллергиялық емес демікпе

J45.8  Аралас демікпе

J45.9  Анықталмаған демікпе

J46     Демікпелік статус

Мобильное приложение «MedElement»

— Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

— Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение «MedElement»

— Профессиональные медицинские справочники

— Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі

Жіктемесі

Демікпе жіктемесі клиникалық көріністер мен өкпе функцияларының 

көрсеткіштерін бірлесіп бағалауға негізделеді:
 

1. Этиологиясы бойынша:
— атопиялық (экзогендік);
— атопиялық емес (эндогендік);
— аралас.
 

2. Аурудың ауырлығы бойынша бөледі:
 

I баспалдақ (жеңіл интермиттирлеуші):
— күндіз симптомдардың саны аптасына 2 рет;

— асқынулар арасындағы тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының (ТШШЖ) болмауы жəне қалыпты көрсеткіші, түнде симптомдардың саны айына 2 рет;
— ОФВ1 немесе ПСВ  — 80% норма, ПСВ көрсеткіштері 20% аз.
 

II баспалдақ (жеңіл персистирлеуші):
— күндіз симптомдардың саны > аптасына 1 рет, бірақ <күніне 1 рет;
— ұстамалар белсенділікті бұзады; түнгі симптомдар > айына 2 рет;

— ОФВ1 немесе ПСВ. 80% норма, ПСВ көрсеткіштері 20%-30%.
 

III баспалдақ (персистирлеуші, орташа ауырлықтағы):
— симптомдар күнделікті, ұстамалар белсенділікті бұзады;
— түнгі симптомдар > аптасына 1 рет;
— ОФВ1 немесе ПСВ – 60- 80% норма, ПСВ көрсеткіштері > 30%.
 

IV баспалдақ (ауыр персистирлеуші):
— симптомдар үнемі, физикалық белсенділік шектелген;
— түнгі симптомдар жиі; ОФВ1 немесе ПСВ < 60% норма, ПСВ көрсеткіштері > 30%.
 

3. Ағым фазалары бойынша:
— асқыну;
— тұрақсыз ремиссия;
— ремиссия;
— тұрақты ремиссия (2 жылдан астам).

Қауіп-қатерлі факторлар

Қауіп-қатерлі факторлар: кене аллергендері, үйдегі тозаңдар (өте ұсақ болғандықтан, жай көзге көрінбейді), темекі тарту (науқас өзі темекі тартады немесе басқалар тартқанда, түтінмен дем алады), түбітпен қапталған жануарлар аллергендері, тарақан аллергендері, бөлмеден тыстағы тозаңдар мен зеңдік саңырауқұлақтар, бөлме ішіндегі зеңдік саңырауқұлақтар, физикалық белсенділік, дəрілер.

Диагностика

Диагностика критерийлері
 

Шағымдар мен анамнез:
— жөтел, əсіресе түнде;
— қайталанбалы сырылдар;
— қайталанбалы қиындаған тыныс алу;
— қайталамалы кеуде клеткасының басылу сезімі;
— симптомдар түнде пайда болады немесе нашарлайды;
— симптомдар триггерлермен жанасу кезінде ауырлайды;

Аяқ астынан немесе бронходилататорлар мен қабынуға қарсы препараттарды қабылдағаннан кейін симптомдардың жоғалуы, бронх демікпесінің маңызды маркерлері болып табылады. Науқаста немесе оның туыстарында атопиялық аурулардың болуы.
 

Физикалық тексеру:

Термометрия. Дене қызуының тұрақты жəне ұзақ уақыт көтерілуі кезінде, қызбаның жоғарылығында, флораның антибиотиктерге сезімталдылығын анықтаумен гемокультураны бактериемияға зерттеу.

Инструменталдық зерттеулер:

Спирометр (ОФВ 1 немесе ФЖЕЛ) немесе пикфлоуметр көрсетімдері бойынша (тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы – ТШШЖ) тыныс жолдарының қайтымды немесе өзгермелі төмендеуі.
Пикфлоуметрді пайдалану кезінде демікпе жайлы ойлауға болады, егер: ЖШШЖ тез əсер ететін агонистер жұтқаннан соң, 15-20 минуттан кейін 15% аса жоғарыласа, немесе Бронходилататорлар қабылдайтын науқастарда, кешке өлшенген ЖШШЖ таңертеңгілік мəннен 20% жəне бронходилататорлар қабылдамайтын науқастарда 10% ерекшеленсе, немесе ЖШШЖ 6 минут үздіксіз жүгіру немесе физикалық жүктемеден кейін 15% аса төмендесе.
 

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Негізгі жəне қосымша диагностиклық шаралар тізімі
 

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Қанның жалпы анализі.

2. Зəрдің жалпы анализі.

3. Микрореакция.

4. Қақырықтың жалпы анализі.

5. Флюорография.

6. Сыртқы тыныс алу функцияларын зерттеу.
 

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Кеуде клеткалары ағзаларының рентгенографиясы.

2. Пульмонолог консультациясы.

3. Стоматолог консультациясы.

4. Отоларинголог консультациясы.

5. Тері сынамалары.

6. Провокациялық сынамалар.

7. Қақырық цитологиясы, қақырықты БК-ға зерттеу.

8. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын талдау.

9. Аллергосынамаларды жүргізу.

10. Сыртқы тыныс алуды бронхолитикпен жəне /немесе бронхопровокатормен зерттеу.

Лабораторлық зерттеулер

Лабораторлық зерттеулер: қанның жалпы анализінде эозинофилия анықталуы мүмкін. Жалпы зəр анализінде азадаған протеинурия анықталуы мүмкін немесе өзгерістер жоқ. Дифференциалды диагностика үшін: кеуде клеткасының рентгенографиясы (өкпелік тіндерде өзгерістердің болмауы).

Дифференциалды диагноз

Дифференциалды диагноз

Белгілер Бронх демікпесі

Созылмалы обструктивті бронхит

Аурудың басталуындағы жас Жас Егде немесе орта
Аурудың кенеттен басталуы Жиі Сирек
Анамнезде темекі тарту Сирек Өте жиі (əрқашан)
Аллергия белгілері Жиі Сирек
Ентікпе Ұстаматəрізді Сирек
Жөтел Өршу кезінде ұстаматəрізді

Тұрақты, кенеттен ауытқусыз

Жөтел продуктивтілігі Сирек Өте тəн

Тəуліктегі тыныс шығарудың шыңдық
жылдамдығының вариабельділігі
(кенеттен өзгерушілік)

Тəжірбиелік үнемі (тексерілу кезінде

бронхолитикалық немесе қабынуға
қарсы емді алмағандардың 10-15%

науқастарда)

Жоқ немесе сирек жəне əлсіз

Бронхиалды обструкцияның

қайтымдылығы (ФАК (ОФВ)

артуы немесе β2-агонистермен

ингаляция жасағаннан кейін дем
шығарудың шығының артуы)

Əсері қысқа β2-агонистердің

ингаляциясынан соң 15-20 мин
кейін ПСВ айқын жоғарылауы

Аз мөлшерде немесе қайтымсыз

Қандағы жəне қақырықтағы эозинофолия

Тəн Тəн емес

Бронхиалді гиперреактивтілік*

Айқын

Айқындығы аз немесе жоқ

Созылмалы өкпелік жүрек

Созылмалы обструктивті

бронхитке қарағанда түзілуі

сирек немесе кеш байқалады

Бронхиалды демікпеге

қарағанда түзілуі ерте жəне жиі

Аурудың үдеуі Кезекті     Үнемі
ЭТЖ жəне лейкоцитоз Тəн емес

Аурудың өршуі кезінде тəн

Өкпедегі рентгенологиялық өзгерістер

Өкпе эмфиземасы

Перибронхиалді жəне

периваскулярлы инфильтрация,
торлы пневмосклероз

Өкпедегі аускультативті өзгерістер

Құрғақ ысқырынған,

«музыкалық» сырылдар тəн;

ылғалды сырылдар тəн емес

Жиі құрғақ жəне ылғалды сырылдар

Қақырық

Шырышты, эозинофилдер,

Шарко-Лейдена

кристаллдарының көбеюі

Шырышты-іріңді, эозинофилдер,
Шарко-Лейдена кристаллдары жоқ

Аллергендермен терілік сынамалар

Оң Теріс

Ескертпе: *бронхиалді гиперреактивтілік ингаляциялық ацетилхолинді немесе гистаминді тесттің ремиссия фазасында анықталады.

Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: тұншығу ұстамасын, аурудың асқынуларын басу.

Дəрі-дəрмексіз ем: себепті аллергендермен жанасуды, спецификалық емес тітіркендіргіштер əсерін болдырмау (темекі тарту, кəсіби зияндықтар, поллютанттар, өткір иістер жəне басқа).

Ұстамаларды басу:
— ингаляциялық тез əсердегі 2-агонистер (сальбутамол, фенотерол);

— əсері тез басталатын ұзақ əсердегі 2-агонистер (сальметерол, формотерол);
— ингаляциялық холинолитиктер (ипратропий бромиді); құрамында холинолитиктер мен 2-агонистер қосылған комбинациялы дəрі дəрмектер; қысқа əсердегі метилксантиндер (аминофиллин);

— жүйелі ГКС (преднизолон).

— демікпені ұзақ жүргізу үшін, ауырлық дəрежесіне байланысты баспалдақты əдіс ұсынылады.

Барлық деңгейлер үшін: тұрақты күнделікті терапияға қосымша, қажет жағдайда тез əрекеттегі ингаляциялық 2-агонистер қолданулуы қажет, бірақ күніне 3-4 реттен жиі емес, фенотерол мен ипротропий бромиді тіркелген комбинациясы.
 

дəреже – ауруды бақылау үшін күнделікті қабылдау қажет емес. Қысқа əсердегі бронходилататорларды қажеттілік бойынша күніне 1-2 рет қолдану ұсынылады.
 

II дəреже – ингаляциялы ГКС: беклометазон дипропионат 200-500 мкг 1-2 қабылдауға, флутиказон пропионат 120 доза (100-200 мкг тəулігіне 2 рет), будесонид 100-250 мкг/тəулігіне. 

Альтернативті ем: теофиллиннің ұзақ əсердегі препараттарын тағайындау (теотард, теопэк 200-400 мг/тəулігіне), кромондар (кромоглиц қышқылымен ингаляция 10 мг тəулігіне 4 рет немесе интал 5 мг/доза), лейкотриен рецепторларын бөгегіштер (зафирлукаст 20 мг күніне 2 рет). Қысқа əсердегі бронходилататорлар (сальбутамол, фенотерол) қажеттілік бойынша тəулігіне 3-4 рет.
 

III дəреже — ингаляциялы ГКС: беклометазон дипропионат (800-1600 мкг в 3-4 қабылдауға) флутиказон пропионат 120 доза (400-1000 мкг тəулігіне 3-4 рет), Будесонид 800-1600 мкг/тəулігіне немесе ИГКС стандартты дозада ұзақ əсердегі адренорецепторлардың 2 агонистерімен бірге (сальметерол 50 мкг күніне 2 рет немесе формотерол 12 мкг күніне 2 рет), фенотерол мен ипротропий бромидінің тіркелген комбинациясы немесе теофиллиннің ұзақ əсердегі препаратымен.
Қысқа əсердегі бронходилататорлар (сальбутамол, фенотерол) қажеттілік бойынша, бірақ тəулігіне 3-4 реттен көп емес.

Альтернативті ем: теофиллиннің ұзақ əсердегі препараттарын тағайындау (200-700 мг/тəулігіне), кромондар (кромоглиц қышқылымен ингаляция 20 мг тəулігіне 4-8 рет немесе интал 5 мг/доза), лейкотриен рецепторларының бөгегіштері (зафирлукаст 20 мг күніне 2 рет).

IV дəреже — ингаляциялық ГКС: беклометазон дипропионат 100 мкг — 10 доза (1000 мкг аса) тəулігіне флутиказон пропионаты 100-200 мкг тəулігіне 3-4 рет, будесонид 800 мкг/тəулігіне аса, немесе эквивалент плюс қасқа əсердегі ингаляциялық 2-агонист (сальметерол, формотерол), фенотерол мен ипротропий бромидінің тіркелген комбинациясы; плюс бір немесе одан көп келесі препараттар, егер бұл қажет болса: баяулы босайтын теофиллин, антилейкотриен препараты, пероралды қысқа əсердегі 2 агонисттер, пероралды ГКС.

Іріңді қақырық болған кезде, жоғары лейкоцитоз, эритоциттердің тұну жылдамдығының артуында антибиотикограмманы ескеріп, антибактериалды терапия курсын тағайындайды (спирамицин 3000 000 БІРЛІК х 2 рет, 5-7 күн, амоксициллин+клавулан қышқылы 625 мг х 2 рет, 7 күн, кларитромицин 250 мг х 2 рет, 5-7 күн, цефтриаксон 1,0 х 1 рет, 5 күн). Тұтқыр қақырықпен науқастарға муколитиктер тағайындайды (амброксол, карбоцистеин, ацетилцистеин).

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 

Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:

1. **Бекламетазон аэрозоль 200 доза.

2.  *Ипратропий бромиді аэрозоль 100 доза.

3.   Кромоглиций қышқылы дозаланған аэрозоль 5 мг; капсула 20 мг.

4. **Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; капсула 2 мг, 8 мг; небулайзер үшін ерітінді 20 мл.

5. **Теофиллин таблетка 100 мг, 200 мг, 300 мг; капсула 100 мг; 200 мг; 300 мг; капсула ретард 350 мг.

6.  *Фенотерол аэрозоль 200 доза.

7.  *Амброксол таблетка 30 мг; сироп 30 мг/5 мл.

8. **Преднизолон, таблетка 5 мг; инъекция үшін ерітінді 30мг/1 мл.

9.    Буденосид 100 мг, аэрозоль.

10. *Ипратропия бромиді 21 мкг+фенотерол гидробромиді 50 мкг.

11. *Сальметерол+флутиказон 25мкг/50 мкг120доза, 25/125 мкг/120 доза, 25/250 мкг/120 доза аэрозоль (ДАИ), 50мкг/100 мкг 60доза, 50/250 мкг 60 доза, 50/500 мкг 60 доза ұнтақтық ингалятор.
 

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:

1. **Флютиказон аэрозоль 60 доза, 120 доза (немесе олардың комбинациясы: салметерол, флютиказона пропионат, 25/50 мкг; 25/250 мкг).

2.  *Кларитромицин 500 мг, табл.

3.  *Спирамицин 3 млн. ЕД, табл.

4.  *Аминофиллин инъекция үшін ерітінді 2,4% в ампуле 5 мл, 10 мл.

5. **Салметерол ингаляции үшін аэрозоль 25 мкг/доза.

6.  *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл, оның қабықшасын жабу 500 мг/125мг, 875 мг/125 мг.

7.  *Азитромицин 500 мг, капсулы.
 

Ем тиімділігінің индикаторлары:

— симптомдардың айқындылығын азайту жəне оларды жою;

— өкпе функциясын жақсарту;

— асқынулардың дамуын алдын алу;

— дəрілік заттарды қабылдау қажеттілігін азайту;

— емнің жанама əсерінің даму қаупін төмендету;

— науқастарды өзін-өзі емдеуге оқыту.

* — Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 

** — Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Госпитализация

Госпитализациялауға көрсетімдер: бронхолиттік терапия тиімсіздігі, 6-8 сағат бойы басылмайтын тұншығу ұстамалары, тыныс алу жеткіліксіздігінің үдеуі, «мылқау өкпе».

Профилактика

Бріншілік профилактика: пайда болуына жəне/немесе асқынуына триггерлердің əсер ету профилактикасы.

Профилактикалық шаралар:

1. Бөлмедегі шаңды тазарту, фильтрация жүйесін пайдалану.

2. Үй кенелеріне аллергия болған кезде – оларды жою.

Әрі қарай жүргізу: жылына 2-3 рет терапевттің қарауы, пульмонолог, аллерголог – жылына 1 рет.

Диспансерлік бақылау – БД кез келген формасы мен ауырлық дəрежесінде науқасты оқыту қажет. Емделуші БД мəнін, тұншығу ұстамаларын өзі басуды, қай жағдайда дəрігерді шақыру керектігін, демкпенің жеке триггерлерін, тұншығу белгілерін жəне ахуалының нашарлауын жəне бронхтық өтімділікті, демікпені бақылап отыру үшін күнделікті қабылданатын профилактикалық препараттардың жеке дозасын білуі қажет.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 — 2007, №165 — 2012)

    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер:
      1. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Вып.2. 4.1. Медиа Сфера. 2003 г.
      2. Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная
      система) под редакцией А.Г.Чучалина, Ю.Б.Белоусова, В.В.Яснецова. Выпуск VI. Москва
      2005.

Ақпарат

Əзірлеушілер тізімі: Семенова Р.И., Қаз ҰМУ пульмонология кафедрасы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

Если вы не являетесь медицинским специалистом:

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
     
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях «MedElement (МедЭлемент)», «Lekar Pro»,
    «Dariger Pro», «Заболевания: справочник терапевта», не может и не должна заменять очную консультацию врача.
    Обязательно
    обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
     
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может
    назначить
    нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
     
  • Сайт MedElement и мобильные приложения «MedElement (МедЭлемент)», «Lekar Pro»,
    «Dariger Pro», «Заболевания: справочник терапевта» являются исключительно информационно-справочными ресурсами.
    Информация, размещенная на данном
    сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
     
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший
    в
    результате использования данного сайта.

Источник

Астма (демікпе) — бронхиолдардың немесе өкпенің ауа жолдарының дерттік жағдайы, осы ауа жолдарының тарылуымен сипатталады. Бұл созылмалы ауру; демікпе адамдарда өмір бойы қосарланумен өтуі мүмкін.

Демікпенің үш түрі бар:

1. тыныс алу жолдарының бітелуі. Қалыпты тыныс алуда тыныс алу жолдарының маңайындағы бұлшық ет сақиналары босаңсыған түрде болады және ауа еркін өтеді. Алайда, демікпесі бар адамдарда аллергия туындататын заттектер, қоршаған ортаның тітіркендіргіштері  алу жолдарының маңайындағы бұлшық ет сақиналарының қысылуына апарады және ауа олардан еркін өте алмайды. Ауаның жеткілікті  түспеуі адамда ауаның жетіспеуін туындатады, ал тарылған тыныс алу жолдары арқылы өтетін ауа ысқыратындай дыбыс шығарады, бұл ысқыратын тыныс алу ретінде белгілі.

2. Қабыну. Демікпесі бар адамдарда бронхиолдар ісінген, қызыл түсті болады. демікпенің  болашақта өкпеде қандай дертті өзгерістерін туындатуы мүмкіндігінде осы қабыну  едәуір роль атқарады. Сондықтан, осы қабынуды емдеу демікпесі бар адамдарда болашақ үшін өзекті саналады. 

3.Тыныс алу жолдарының тітіркенгіштігі. Демікпеге шалдыққан адамдарда тыныс алу жолдары аса сезімтал келеді. олар әдетте, тозаң, жануарлардың тіршілігінің өнімдері, шаң және түтін секілді түрлі жеңіл тітіркендіргіштерге де аса жіті серпін беріп, тарылады.

Демікпе кімде дамиды?

Демікпе кез келген жаста дамиды, бірақ, жастарда кең таралған (40 жасқа дейін). 
отбасында демікпе болған адамдар оған бейім келеді. және көбінесе, аллергиясы бар және темекі шегетін адамдарда жиі кездеседі. Жалпы демікпе кез келген адамда, кез келген уақытта дамуы мүмкін.

Демікпенің себебі неде?

Демікпеге шалдыққан адамдарда тыныс алу жолдары аса сезімтал, қоршаған ортаның тітіркендіргіш аталатын түрлі факторларына серпін береді. Осылармен қатынас демікпенің симптомдарын қоздырады.

Демікпеге шалдыққан адамдар өз ауруын бақылауға алуда белсенді қатыса алады, ол үшін демікпенің симптомдарын күшейтетін немесе ұстамасын шақыратын факторлардың организмге әсерін анықтап, азайтуы қажет. Мысалы, демікпе аллергиядан болса, оның алдын алу арқылы демікпенің де жиілігін және ауырлығын азайтуға болады.

Демікпенің қандай қоздыру механизмдері жиі кездеседі?

·         Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары. Суық тию және тұмау, бронхит (үлкен тыныс алу жолдарының инфекциялары), немесе инфекциялық синуситтер демікпенің ұстамасын шақыруы мүмкін.

·         Тыныс алуда түсетін аллергендер. Демікпеге шалдыққан адамдардың 80 пайызында ауа арқылы таралатын заттектерге  аллергия байқалады, мысалы, ағаш тозаңы, шөптер мен бұтақтар, зеңдер, жануарлар организмінің туындылары, тарақандардың шаңды бөлшектері мен дене бөліктері.

·         Дәрілер. Демікпеге шалдыққан адамдар көбінесе, аспиринге және басқа қабынуға қарсы препараттарға сезімтал, мысалы, ибупрофен, напроксен, кетопрофен және бета-блокаторлар (сақина кезінде бас ауруын, жүрек ауруын, жоғары қан қысымын және глаукоманы емдеу үшін қолданылатын).

·         Тағам өнімдері мен тағамдық қоспалар. Белгілі бір тағам өнімдерінде демікпенің симптомдарын қоздыратын заттектер болады.

·         Дене жүктемесі. Белсенді дене жүктемесі демікпеге шалдыққан адамдардың 80 пайызында тыныс алу жолдарының тарылуының себебі болуы мүмкін.

·         Тітіркендіретін заттектер. Көптеген тітіркендіретін заттектер мысалы, темекі түтіні, ағаш жағатын аспаптар мен пештер, иіс судың және тазартқыш заттардың күшті иісі,т.б. демікпені қоздыру  механизмі болуы мүмкін. Сондай-ақ, ауаның ластануы немесе булану да ұстаманы туындатуы ықтимал.

·         Ауа райы. Суық ауа, температура мен ылғалдылық өзгерістері демікпенің себебі болуы мүмкін.

·         Көңіл-күйдің айқын бұзылыстары. Қозу, қатты жылау, айқай, күйзеліс, ашу немесе күлкі ұстаманы шақыруы мүмкін.

·         Асқазан-өңеш рефлюксі аталатын ауру.

Қоздыру  механизмдері демікпенің барысын қалай ушықтырады?

Демікпеге  шалдыққан адамдарда тыныс алу жолдары әрдайым қабынған және аса сезімтал, сондықтан, олар сыртқы факторларға -”қоздыру механизмдеріне” серпін береді. Осы механизмдермен қатынастың салдарынан тыныс алу жолдары қысылады, қабынуы күшейеді, және олар сілемеймен бітеледі, бұл тыныс алудың қиындауына, демікпеге, немесе оның симптомдарының күшеюіне апарады.  Демікпенің ұстамасы қоздыру механизмінің әсерінен кейін бірден немесе бірнеше күн немесе аптадан кейін басталуы мүмкін.

Демікпені қоздыратын механизмдердің көптеген түрлері бар. Оларға серпін әр адамда әр уақытта түрлі болады. белгілі бір механизмдер біреулер үшін қауіпсіз, ал басқаларда қабынуды күшейтуі мүмкін. Біреулер үшін олардың саны көп, басқалар үшін – біреу, немесе анықтау қиынға түседі. Осы қоздыру механизмдерін тану және олардан қатынастан мүмкіндігінше алшақ болу демікпені бақылауға алуды жүзеге асыру үшін аса маңызды. Ал бақылаудың жақсы тәсілі – демікпеге қарсы препараттарды қолдану.

Мен  үшін қоздыру  механизмдері не екендігін қалай білуге болады?

Демікпенің симптомдары пайда болған кездегі факторларды анықтау – демікпенің қоздыру  механизмдерін танудағы алғашқы қадам. Олар көп болғанымен, сіз олардың бәріне серпін бермейсіз. Біреулерде қоздыру  механизмі – біреу ғана, басқада көп болуы ықтимал.

Көптеген жағдайларда демікпенің қоздыру  механизмдерін серпін беру тарихынан білуге болады, және тері сынамалары мен қан талдауынан. Дәрігер пневмотахометр аталатын құралды қолдануды ұсынуы мүмкін.

Пневмотахометр өкпеден ауа қандай көлемде және қаншалықты жиі шығатынын өлшейді. Бұл құрал тыныс алудың өзгерісін уақытылы байқауға көмектеседі және демікпенің алғашқы белгілерін анықтайды. Демікпеге қарсы көмек көрсететін маманнан немесе дәрігерден сізге пневмотахометр пайдалы болуы жайында сұраңыз.

Демікпенің симптомдары қандай?

Демікпеге шалдыққан адамдарда тыныс алу жолдары қысылғанда, ісінгенде немесе сілемеймен бітелгенде симптомдары пайда болады. оларға жататындар:

·         жөтел, әсіресе, түнде. 

·         Ысқыратын тыныс алу (жоғары екпінді ысқырық дыбысы, тынысты шығарғанда) 

·         Ауа жетпеу сезімі 

·         Кеуденің қысылу, ауырсыну сезімі

Демікпеге шалдыққан адамдардың бәрінде бірдей симптомдар бола бермейді. Олардың барлығы бірден болмауы немесе әр түрі әр уақытта болуы мүмкін. Демікпенің түрлі ұстамасы симптомдарының бір-бірінен айырмашылығы болады, бір ұстамада орташа болса, келесіде ауыр болуы мүмкін. Демікпенің ұстамасы – симптомдардың кенет ушығуы.

Демікпе  диагнозы қалай қойылады және емделеді?

Демікпеге күмән болса, дәрігерге көріну қажет. Дәрігер осы ауруды анықтауға тест өткізеді.   Диагноз анықталса, оны емдеу үшін, жағдайды, өзін сезінуді  жақсарту үшін, демікпенің пайда болуына апарған мәселелерді шешудің көптеген әдістері бар.

Демікпенің диагностикасы

Демікпені анықтау үшін дәрігер сыртқатнаманы, отбасының сырқатнамасын және симптомдарды зерттейді. Тыныс алудағы өмірде болған кез келген мәселеге назар аударады, отбасында демікпенің, тері ауруларының (экзема), немесе өкпенің басқа дертті жағдайларының болуын анықтайды. Симптомдарды толықтай сипаттау маңызды (жөтел, ысқыратын тыныс алу, қысқа тыныс алу, кеудедегі қысылу), олардың қашан және қаншалықты жиі байқалуын қоса. 

Дәрігер көптеген зерттеулерге бағыттауы мүмкін, өкпенің функционалдық тесті, аллергияға тест, қан талдауы, кеуденің және мұрын қуысының рентгендік зерттеуі. Осы зерттеулердің бәрі дәрігерге демікпенің болуын және оның барысына әсер ететін басқа аурудың болуын анықтауға көмектеседі.

Дәрігер денені де тексереді, жүрек пен өкпені тыңдау арқылы (аускультация).

Өкпенің функционалдық тестілері

Өкпенің функционалдық тестілеріне (немесе өкпенің қызметін зерттеу тестілері) өкпенің қызметін бағалайтын бірқатар шаралар жатады. Олардың екеуі жиі демікпені анықтауда қолданылады —  спирометрия жән метахолинмен тест жүргізу.

·         Спирометрия. Бұл – өкпеден ауаның шығатын көлемі мен жылдамдығын өлшейтін қарапайым зерттеу. Ол көбінесе, ауа жолдарының бітелу дәрежесін анықтау үшін қолданылады. Спирометрияны бронходилататор  аталатын тез әрекет ететін препаратты себуге дейін және кейін өткізеді. Бронходилататор тыныс алу жолдарын кеңейтеді, бұл ауаның олармен еркін өтуіне мүмкіндік береді. Осылайша, дәрігер  тыныс алу жолдарының бітелуін дәрілік препараттармен жойылу мүмкіндігін анықтай алады- астманың көрсеткішін. Зерттеуді дәрігерге келесі баруда да өткізуге болады, қарқынын және емдеу жоспарына өзгеріс енгізу қажеттілігін білу үшін.

·         Метахолинмен тест. Бұл тест, көбінесе, балаларға қарағанда ересектерде жиі қолданылады. Ол симптомдар мен скринингтік спирометрия демікпе диагнозын айқын көрсетпегенде қолданылады. 

Метахолин – демікпе болса, бұл заттекпен тыныс алғанда тыныс алу жолдарының түйілуі және тарылуы пайда болады. Тест өткізгенде метахолиннің аэрозольдік шаңының ұлғаймалы мөлшерімен тыныс алады, спирометрияға дейін және кейін.  Өкпе қызметінің кемінде 20% төмендеуі — демікпенің болуы — метахолиндік тестінің оң нәтижесі. Тест аяқталғаннан кейін метахолинге қарама қарсы әсер көрсетуі үшін бронходилататор тағайындалады.

Функционалдық өкпе тестілеріне дайындық

Спирометрияға дайындалу үшін не істеу қажеттігін дәрігерден сұраңыз. Метахолинмен тестінің алдында жақында вирустық инфекция, суық тиюі, вакцинация немесе иммунизация болса, дәрігерге хабарлау қажет, себебі, бұл тест нәтижесіне әсер етеді.

Тест өткізуге дейінгі басқа дайындық шаралары:

·         Тест өткізетін күні темекі шекпеу

·         Тест өткізетін күні кофе, шәй, кола немесе шоколад тұтынбау 

·         Тест өткізетін күні дене жүктемесіне және салқынға шалдықпау 

·         Дәрі қабылдаудағы өзгерістерге әзір болу, демікпені емдеуде қолданылатын кейбір дәрілер тестінің нәтижесіне әсер етуі мүмкін. Түрлі препараттарды қабылдау әр уақыт аралықтарында тоқтатылуы мүмкін. Мысалы, қысқа мерзімді аэрозольды бронходилататорларды қабылдау тестіге дейін 8 сағат бұрын тоқтатылады, ал ұзақ мерзімді аэрозольды бронходилататорларды 48 сағат бойы қабылдауға болмайды. Дәрігер тағайындалған дәрілерді тестіге дейін қанша уақыт бұрын қабылдауға болатыны жайында ескертеді.  

Кеуде қуысының рентгендік тексеруі

Рентген суреті – арнайы пленкада немесе флуоресценттік экранда бейнеленетін, төмен мөлшерлі радиацияны пайдалану нәтижесінде алынатын ағзалардың бейнесі.  Рентгендік тексеру аурулардың кең ауқымын анықтау үшін қолданылады, бронхиттен сүйек сынығына дейін. Дәрігер кеуде қуысы ағзаларының құрылысын көру үшін рентгендік тексеруді тағайындайды, мысалы, жүректі, өкпені және сүйекті. Өкпенің құрылысын зерттей отырып, дәрігер симптомдарды туындатын демікпе болуын анықтай алады.

Мұрын қуысының жағдайын бағалау

Мұрын қуысында полип немесе синусит болуы демікпені емдеуді және бақылауды ушықтыруы мүмкін. Синустық инфекция – инфекция себепті мұрын қуысының қабынуы немесе ісінуі. Синустар сұйықтықпен толып, бітелгенде бактериялар инфекция мен қабынуды туындатып, көбейеді. Дәрігер инфекцияға күмән болса, мұрын қуысының жағдайын бағалау үшін КТ көрінісі секілді синустардың арнайы рентгендік тексеруін тағайындайды. Жіті синусит диагнозын растау үшін кемінде 10-12 күн бойы антибиотикпен емдеу тағайындалады.

ГЭР  және қыжыл бойынша жағдайды бағалау

Асқазан-өңеш рефлюксі немесе гастро-эзофагеальды рефлюкс (ГЭР) – демікпенің барысын ауырлатуы мүмкін тағы бір дерттік жағдай.  Егер дәрігер бұл ауруға күмәні болса, оны анықтайтын арнайы тестілерді өтуді ұсынады.

Аллергия бойынша жағдайды бағалау

Аллергияға сынамалар демікпенің симптомдарын туындатуы мүмкін қандай да бір аллергиялық серпінді анықтау үшін қажет боолады.

Демікпенің ауырлығын анықтау

Осы зерттеулердің негізінде дәрігер демікпені анықтайды. Келесі сатыда дәрігер демікпенің ауырлығын анықтайды, себебі, бұл дұрыс емдеу үшін қажет. демікпенің 4 түрі бар, олар:

1. жеңіл дәрежелі ұстамалы демікпе. Симптомдары аптасына екі реттен сирек болады, сирек асқыну немесе ұстамалар және демікпенің түнгі кезде жиі болмауы.  (Функционалдық өкпе тестілері телімді ауытқуды көрсетеді).

2. жеңіл дәрежелі тұрақты (сақталатын) демікпе. Симптомдары аптасына екі реттен жиі, күніне бір реттен сирек пайда болады, ал ұстамасы өмірдің қалыпты барысын бұзады. Мұндай демікпесі бар адамдарда симптомдар түнде айына екі реттен жиі болмайды. (Функционалдық өкпе тестілері телімді ауытқуды көрсетеді).

3. орташа дәрежелі тұрақты демікпе. Симптомдары күнделікті пайда болады, түнде – аптасына бір реттен жиірек. Мұндай адамдарда әдетте, демікпенің ұстамасы өмірдің қалыпты барысына әсер етеді, бұл бірнеше күнге созылуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай науқастарға симптомдарды бақылау үшін тез әрекет ететін демікпеге қарсы дәрілерді күнделікті қолдану қажет болады. (Функционалдық өкпе тестілері телімді ауытқуды көрсетеді.)

4. тұрақты демікпенің ауыр түрі. Симптомдары күндіз-түні тоқтамайды, тіршілік ету шектеледі, демікпенің ұстамасы жиі болады. (Функционалдық өкпе тестілері телімді ауытқуды көрсетеді.)

Демікпеге  қарсы дәрілер

Демікпе – созылмалы ауру (өмір бойы болатын), бұл кезде тыныс алу жолдарының сілемей қабаты қабынады, бұл ауа өтуінің шектелу жағдайларының қайталануымен, сілемей мен жөтел пайда болуымен ушығады.

Емдеу  бағытталады:

·         Қабынудың және жөтел, түнгі, таңғы немесе дене жүктемесінен кейінгі тұншығу секілді созылмалы симптомдардың алдын алатын препараттарды қабылдау (ұзақ мерзімдік бақылау дәрілері)

·         Демікпенің ұстамалары ұстағанда емдеу дәрілерін беру (жедел жәрдем препараттары)

·         Демікпені туындататын заттектер/құбылыстарымен қатынасты шектеу

·         Демікпе күнделігінде күнделікті симптомдарды көрсету

Демікпеге  қарсы дәрілердің жалпы екі түрі болады.

·         Қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер. Көпшілік жағдайда бұл демікпені емдеудің маңызды бөлігі, себебі, бұл препараттар тұрақты негізде демікпенің алдын алады. Стероидтар, — ”кортикостероидтар” – демікпеге шалдыққан адамдар үшін қабынуға қарсы препараттардың маңызды тобы. Бұл препараттар тыныс алу жолдарындағы ісінуді  және сілемей түзілуін азайтады. Нәтижесінде, тыныс алу жолдарының сезімталдығы азаяды, қоздырушыларға серпін беру ықтималдығы төмендейді. 

·         Бронходилататорлар. Бұл препараттар демікпенің симптомдарында көмектеседі, тыныс алу жолдарының маңайындағы бұлшық ет сақиналарын босаңсытады. Бұған жауап ретінде тыныс алу жолдары тез ашылады, өкпеге ауаның үлкен көлемін жіберіп/шығарады. Нәтижесінде тыныс алу жақсарады. Бронходилататорлар өкпені сілемейден тазартуға көмектеседі. Тыныс алу жолдарының ашылуына сай сілемей жеңіл жылжиды және жөтелген кезде жеңіл шығады. (толығырақ қараңыз: “Бронходилататорлар»).

Бұл дәрілер демікпенің симптомдарын бақылау үшін түрлі схемалар бойынша тағайындалады. Дұрыс емдеу қалыпты өмір сүруге мүмкіндік береді. Егер емдеу демікпені бақылауға көмектеспесе, дәрігердің кеңесін алу қажет.

Ұзақ мерзімді дәрі-дәрмектер: қабынуды емдеу

Дәрігерлер бүгінде демікпенің екі құрамбөлігін анықтайды: тыныс алу жолдарының қабынуы және жіті бронхоконстрикция (тыныс алу жолдарының қысқаруы).

Зерттеулер көрсеткендей, қабынудың алдын алу – демікпенің ұстамаларын, ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің алдын алуда өзекті шара.

Ұзақ мерзімді препараттар ұзақ уақыт бойы сақталатын, симптомдары аптасына екі реттен ?